USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті

Қазақстан Президенті Ұлан-Батырға мемлекеттік сапары барысында Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесу өткізді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен өткен келіссөздерге жоғары баға беріп, соның нәтижесінде мемлекетаралық ынтымақтастық стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Спикерді және бүкіл моңғол халқын биыл маусым айында парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Президент Хуралдың жаңа құрамы елдегі демократиялық үдерістердің дамуына елеулі үлес қосып, Моңғолияның халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы заң шығарушы органдардың диалогы қазақ-моңғол қатынастарын ілгерілететін маңызды алаң деп санайды. Сондай-ақ депутаттардың достық тобы парламентаралық байланыстарды нығайту ісінде зор рөл атқаратынын жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС