USD
USD
USD

Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы күштік құрылым басшыларының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Шенеунік
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған болатын. Сонымен қатар Аңсаған Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы: «Мемлекеттік компаниялардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, ондаған метрге ұшып кеткен

Ақтау газ балон

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі жүк көлігі соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы