USD
USD
USD

Мемлекет басшысы қытайлық кәсіпкерлерді органикалық және жоғары сапалы өнімдер шығару жұмысына белсене қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы қытайлық кәсіпкерлерді органикалық және жоғары сапалы өнімдер шығару жұмысына белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор мүмкіндік бар екенін жеткізді.

– Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұр. Сондай-ақ бидай экспорты бойынша ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Біз жыл сайын шетелге он миллион тоннадан астам бидай және екі миллион тоннаға жуық ұн жеткіземіз. Қытай нарығы еліміз үшін өте маңызды. Қазақстан жергілікті нарыққа жылына 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттай алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумен қатар, өңдеу өнеркәсібін бірлесе дамыту біз үшін ерекше маңызды. Бұл ретте, Dalian Group компаниясының Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін кәсіпорын құру бастамасын толық қолдаймыз. Fufeng Group компаниясының Жамбыл облысындағы жүгері өңдеу жобасын құптаймыз. Зауыт өнімдері Қытай мен Еуропаға экспортқа жіберілетін болады. Біз қытайлық кәсіпкерлерді органикалық және жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімдерін шығару жұмысына белсене қатысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар