USD
USD
USD

Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев пен Хань Чуньлин
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президенттің айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамыған кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Қазақстан тарапының Қытаймен өзара ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін беруге дайын екеніне тоқталды.

Хань Чуньлинь ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ықыласын жеткізіп, екі ел арасындағы мәңгі стратегиялық серіктестік жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың арқасында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілгеніне назар аударды. Сондай-ақ елші Қытай мен Қазақстанның сан қырлы байланысын одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықтың жоғары динамикасын сақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.