USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады

Президентке Инвесторлар қауымдастығы қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.

Кездесуде қауымдастықтың мемлекет пен инвесторлар арасындағы дәнекерлік рөлін көрсететін ауқымды күн тәртібі талқыланды. Ең алдымен шешілуге тиіс міндеттер ретінде экономиканы ырықтандыруға, мемлекеттің бизнеске араласуын азайтуға, мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге баса мән берілді.

Салық жүйесін жаңғырту, монополияға қарсы саясатты жетілдіру, жекешелендірудің тиімділігін арттыру және мемлекеттік сатып алуды реформалау мәселелері қозғалды.

Болат Ақшолақов отандық бизнестің ұлттық рейтингін іске қосу жөніндегі ұсынысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаларды қолдап, инвестициялық климатты жақсарту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету тұрғысынан оларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

ҰБТ