USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

Президентке бизнес-омбудсменнің 2024 жылы атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қанат Нұров кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты келіп түскен 3275 шағымның 1759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданғанын жеткізді. Соның нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Жалпы, арыз-шағым саны 12 пайызға азайған. Бұл әкімшілік әділет институтының тиімділігін көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бизнестің дамуын тежейтін басы артық әкімшілік кедергілерді анықтауға және жоюға баса мән берілді.

Сонымен қатар бизнес-омбудсмен кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Кейбір жекелеген жағдаяттар бойынша тиісті реттеуші және құқық қорғау органдарына талап-арыз жолданған.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын одан әрі күшейту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Дружба

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Алматы мешіт