USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Болгария Президенті Румен Радев БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі

Президент ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келгені үшін Румен Радевке шынайы ризашылығын жеткізді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Болгария – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Біздің ықпалдастығымыз мызғымас достық пен түсіністікке негізделген. Жалпы, Қазақстан Болгарияны стратегиялық маңызы бар серіктес ретінде қабылдайды және сіздің мемлекетіңізбен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға үлкен мән беруде. Қазақстан мен Болгария арасында дипломатиялық қатынас орнағанына өткен аптада 33 жыл толды. Сіздің сапарыңыз осы мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақыт ішінде біздің елдеріміз барлық деңгейде өзара сенім рухындағы саяси диалог орнатты. Нақты шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстары нығая түсті, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этностар қатарында болгар ұлтының өкілдері де бар. Осы ерекше байланыс халықтарымыз арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі.

Президент қос мемлекеттің халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығы да кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Жан-жақты әрі сенімді серіктестік алдағы уақытта да беки бермек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар