USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жанат Элиманов ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру көлеңкелі экономика деңгейін 1,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады. Агенттік 1312 қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, нәтижесінде 236,8 миллиард теңгенің залалын өтеді. Қылмыстық жолмен табылған 152,3 миллиард теңге кіріс тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 және трансұлттық топпен байланысты 1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар 42 қаржы пирамидасы жойылды.

Алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды, мессенджерлердегі 327 чат жабылды. Осылайша 2 миллионнан астам азаматтың қаржылай шығынға ұшырауына жол берілмеді.

Әлеуметтік желілердегі 41 онлайн құмар ойын алаңы, астыртын жұмыс істейтін 30 ойын залы, казино мен букмекерлік кеңсе әшкереленді. 11,7 мыңнан астам онлайн-казино сайтына кіруге тосқауыл қойылды.

Агенттік қызметкерлері 120 миллиард теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығындарының алдын алды. Заңсыз крипто алмастырушы арқылы қылмыстық кірістерді заңдастыруға ниеттенген 36 әрекеттің жолын кесті. Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің қаржы барлаушылары бірлесе жүргізген арнайы операцияның қорытындысы туралы есеп берді. Оның нәтижесінде үш ауқымды «наркошоп» жабылып, 35 наркодилер ұсталған.

Жалған қаржылық операциялар мен мәмілелер жасаған 1787 заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған және еррористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға 1,2 мың әрекет анықталып, бұғатталған. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов