USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады

Президентке республикалық бюджеттің орындалуы және мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде баяндалды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетке 21,6 триллион теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15,2 триллион теңгесін салық түсімдері құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23,4 пайыз жоғары. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101,6 пайыз орындалып, оның әлеуметтік бағыты сақталып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары, Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері туралы мәлімет берілді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын іске асыруға баса назар аударылды. Жаңа құжат рәсімдердің мерзімін қысқартуды, олардың ашықтығын қамтамасыз етуді және отандық тауар өндірушілерді қолдауды көздейді. Қазіргі уақытта қазынашылықтың ақпараттық жүйесіндегі талдау және бақылау үдерістері толық автоматтандырылды.

Мемлекет қаржысын цифрландыру аясында Big Data қалыптастыруға және толықтыруға, сондай-ақ салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге ерекше мән беріледі.

Президентке мемлекеттік аудиттің нәтижелері таныстырылды. Биылғы 8 айда 791 тексеру жүргізіліп, сомасы 337,5 миллиард теңге болатын қаржының заңсыз жұмсалғаны анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру мен барлық әлеуметтік міндеттемені орындау керек екеніне тоқталды. Сондай-ақ цифрландыруды одан әрі дамыту және заманауи бақылау тетіктерін енгізудің маңызын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net