USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының жетекшілерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Нысана көздеуден Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесуде ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясына және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз спорттың нысана көздеу түрлерін дамытуға бұрыннан ерекше мән беретінін атап өтті.

Президент алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізіп, шетелдік серіктестермен ықпалдастықты кеңейту үшін қажетті шаралар қабылдайтынын айтты.

ISSF пен ASC жетекшілері осы спорт түрін дамытуға айрықша назар аударғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылықтарын білдірді.

Әңгімелесу барысында еліміздегі нысана көздеу кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, спортшыларды даярлаудың заманауи әдістемесін енгізу, сондай-ақ жастармен, балалар және жасөспірімдердің спорт клубтарымен жұмыс бағдарламасын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев