USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы (СOP29) аясында Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Грекияны Қазақстанның Жерорта теңізі аймағы және Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтіп, Афины еліміздің Еуропа Одағына мүше мемлекеттер арасындағы бес ірі сауда әріптесінің бірі екеніне назар аударды. Кириакос Мицотакис қазақ-грек ынтымақтастығының әлеуетін жоғары бағалап, барлық бағыттағы өзара байланыстарды тереңдетуге дайындығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кириакос Мицотакис сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бейіл екенін растап, өзара сауда-саттықты әртараптандырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде белсенді саяси диалог жүргізу жөнінде уағдаластық жасалды. Грекия Үкіметінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға сапармен келу туралы ұсынысын ризашылықпен қабыл алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу