USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен арадағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екенін жеткізіп, елші Сильван Гиогенің жауапты қызметіне табыс тіледі.

Кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсары талқыланды.

Президент аталған сапар Астана мен Париж арасындағы байланыстардың келешегін айқындап, қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

«Бұл одақ барлық жағынан қолайлы»: Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшыға тұрмысқа шығуы мүмкін

Жавохир Синдаров, Бибісара Асаубаева

4500 беттен тұратын талап-арыз түскен: Германия тұрғындары соттарды ЖИ арқылы әбігерге салуда

сот

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген