Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады.

Президент мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

Даррен Вудс Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

Қазір оқып жатыр

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул