USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

Президентке халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Қазақстан экономикасына былтыр 1,4 миллиард доллар қаржы салған, ал инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60 пайызға жеткен.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы бойынша 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында аталған банк елімізге 3,8 миллиард доллар инвестиция құюды жоспарлаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл меже мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімет берілді. Биыл банкке жалпы сомасы 4,5 миллиард доллардан асатын жобалар ұсынылды. Еуразиялық даму банкі энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін, көлік және логистика салаларын дамыту бағыттарына, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге, инфрақұрылым нысандары құрылысына, өнеркәсіп және цифрлық технологияларға қатысты жобаларға 1 миллиард доллардан астам инвестиция салуды көздеп отыр.

Николай Подгузовтың айтуынша, ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті.

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 305 жоба енді. Банк өз жұмысында көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграцияға тиімді әсер ететін жобаларға басымдық береді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек