USD
USD
USD

Мемлекет басшысы эколог, ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановты қабылдады

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған орта проблемаларын шешу ісіне азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті кеңінен тарту мәселелері талқыланды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ECO Network жобасын оң бағалады. Мемлекет басшысы, ең алдымен, адамның мәдениетін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды бөлек сұрыптау және қайта өңдеуді көздейтін «Экохаб», «Жасыл кеңсе», «Жасыл мектеп» бағыттары экомәдениетті дәріптеудің тиімді тетігі ретінде жаппай таратуға лайық тәжірибе екенін атап өтті.

Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, қазірдің өзінде ECO Network жобасына Қазақстан бойынша жүздеген компания мен оқу орындары қосылған. Олар бизнес процестеріне экостандарттарды енгізіп, экономиканы декарбонизациялау үдерісіне елеулі үлес қосып жатыр.

Президент экологтың бастамалары жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идеологиясымен үндес екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде шаһардың экологиялық мәселелерін шешудің тиімді әрі креативті тәсілдерін жүзеге асыратынына сенім білдірді. 

Қазір оқып жатыр

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтың «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким