USD
USD
USD

Президент денсаулық сақтау, ойын бизнесіне қатысты қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Наурыз мейрамы
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Заңмен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, «Жарнама туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған. Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайда берілетін мамандандырылған медициналық көмек аясындағы зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен алынып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің тегін көлеміне енгізілген. Бірқатар түзетулер мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз етуді көздейді.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынған. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек.

«Ойын бизнесі туралы» Заңда бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салу белгіленген.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.