USD
USD
USD

Мемлекет басшысы CRRC директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Юнцайды қабылдады

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев темір жол машиналарын жасауға маманданған әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі саналатын CRRC компаниясымен ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан серіктестікті жоғары бағалады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент 2023 жылдың қазан айында Қытайға жасаған сапарынан кейін CRRC компаниясымен ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына 100 магистральді және 100 маневрлі тепловоз жеткізу жөнінде мәміле жасалды. Алдағы уақытта ҚТЖ қосымша 270 гибридті маневрлі тепловоз сатып алуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы серіктестіктің келесі кезеңіне өту маңызды екеніне назар аударды. Яғни тепловоз жеткізумен қатар елімізде локомотив өндірісін локализациялау және сервистік орталықтар ашу қажет. Президенттің пікірінше, бұл отандық машина жасау саласын дамытады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрып, темір жол инфрақұрылымына жедел техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

CRRC компаниясы жылына 2 мыңнан астам локомотив, 3 мың жолаушы және 50 мың жүк вагонын, сондай-ақ 11 мың қоғамдық көлік құрастырып шығарады. Кәсіпорын өнімі 100-ден астам елге экспортталады.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров