USD
USD
USD

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті

Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін UNWTO делегациясына және Зураб Пололикашвилиге ризашылығын білдірді. Президент бұл ауқымды іс-шара халықтар арасындағы достықты нығайтуға, Қазақстанның имиджін ілгерілетуге, еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйыммен тығыз ынтымақтастыққа бейілді және туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Бас хатшы Зураб Пололикашвили қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді.

Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел экономикасын дамытуға жол ашады. Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңейту перспективасы талқыланды. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді

жол апаты

Жеке дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды

Таразда мұғалімді «жемқор» деп атаған әйел сотқа тартылды

кісі өлімі

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

.