USD
USD
USD

Мемлекет басшысы бірқатар заң мен кодекске түзету енгізетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң
Фото: akorda.kz

Алматы, NEGE. Заңмен Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Еңбек және Бюджет кодекстеріне, сондай-ақ 9 заңға түзетулер енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заңмен ЕҚТА жерлерін өзге санаттағы жерлерге ауыстыру негіздері қайта қаралды.

Түзетулердің екінші блогы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЕҚТА аумақтарында қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған.

Үшінші блок Астана қаласының «жасыл белдеуін» қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Түзетулердің төртінші блогы көміртекті офсеттердің мәселелерін реттейді. Заң Орман кодексі ережелерінің қолданылуы жаңа орман екпелерін отырғызу, сондай-ақ тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде сатылатын көміртекті офсеттерді сату жөніндегі қызметке таратылды.

Түзетулердің бесінші блогы ЕҚТА саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Түзетулердің алтыншы блогы бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейді. Кепілдік беру жүйесінің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін олардың кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болған кезде қажетті қаржыландыру көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматы өлтірілді: ІІМ қылмыстық істің жай-жапсарын жариялады

Қылмыс

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев