USD
USD
USD

Мемлекет басшысы барша христианды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Пасха
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. «Құрметті отандастар! Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор», – деді Президент.

Мемлекет басшысы басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамда маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси