USD
USD
USD

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.

Әңгімелесу барысында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.