USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ауғанстанды аймақтағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын және екі ел арасында сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Ауғанстанда орнықтылық пен қауіпсіздіктің орнауына мүдделі. Бұл аймақтың игілігі жолында ауған мемлекетінің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.

Өзара байланыстарды қалпына келтіру мақсатында Қазақстанның үкіметтік делегациясы Кабулға екі рет барды.

Нуриддин Азизи Қазақстанның халықаралық ұйымдарда Ауғанстан тақырыбын дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқаны және гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Ол ресми Кабулдың бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын жеткізді. Бұл Ауғанстанда жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және аграрлық салалардағы, сондай-ақ геологиялық барлау мен цифрландыру бағыттарындағы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Қазақстан компаниялары ауған аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға дайын.

Қазіргі кезде Тургунди – Герат темір жол құрылысы салынып жатыр. Сонымен қатар Қазақстанның Ауғанстанға ауыл шаруашылығы өнімдері мен химия өнеркәсібі тауарларының экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі зор.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду