USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Астанадағы «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мыңжылдық» аллеясының ландшафтты даму жоспары көрсетілді.

«Мыңжылдық»
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Жоспар қаланың оңтүстік бөлігіндегі 942 гектарды қамтиды. Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер кешені мен әлеуметтік нысандар, мектептер, темір жол вокзалы, скверлер, көшелер мен жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының арасын жалғайды.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек вокзал маңындағы саябақ ауданның беткеұстар мүйісіне айналатынын айтты. Мұнда ойын алаңдары, амфитеатр және аллеялар салу жоспарланған.

Былтыр «Қазақ елі» алаңында ағаштар егіліп, дизайнерлік қақпақтар орнатылды, шамдар мен басқа да сәулеттік қалыптар жаңартылды.

Биыл ең әуелі Байтұрсынұлы, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылы маңындағы тұрғын үй кешендерін қамтитын желілік саябақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Әкімнің айтуынша, қала дамуында Тұран даңғылының батыс жағындағы GreenLine бульвары ерекше маңызға ие. Шаһардың халық тығыз орналасқан ауданымен жалғайтын бульварда веложолдар, балалар мен спорт алаңқайлары, тынығатын демалыс аумақтары болады.

Аталған жобалар қаланы дамытудың көпорталықты моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Яғни тұрғын үй, жұмыс, қызмет көрсету мен рекреация орындары қолжетімді әрі бір-біріне жақын болуға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған