USD
USD
USD

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті. Жиынға АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель, сондай-ақ АХҚО Сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Ресми жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналады. Осы орайда халықаралық стандарттарға сай тәуелсіз сот жүйесі бар АХҚО Соты негізгі рөл атқарады. Құрметті лорд Бернетт, Сізді осынау жауапты лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің кандидатураңыздың таңдалуы АХҚО сот жүйесінің тұрақтылық және сенімділік қағидаттарын сақтауға бейіл екенін тағы да растайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев