USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: «Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз»

Президенттің пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты – агроөнеркәсіп кешені.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алатын және ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктері америкалық әріптестерді қызықтыруға тиіс.

– Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз. Аталған бастамалар Қазақстанның экспорттық қуатын арттырып қана қоймай, өнімдеріміздің жаңа өңірлік нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін орнықты ауыл шаруашылығын дамытуды, су ресурстарын үнемдеп пайдалануды және аталған саланы цифрландыруды көздейтін ортақ Агроинновациялық бағдарлама жасауды ұсынамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова