USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Исраил Сапарбай
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. – Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті