Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Алматы, NEGE. Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар.
Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» (ADSW) – орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге бағытталған.
Биыл форум «Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету» (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.
Қазір оқып жатыр
Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін
Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады
Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?
Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр