USD
USD
USD

Мемкірістер комитеті декларацияны тапсыру мерзімі жайлы ескертті

Мемлекеттік кірістер комитетінде кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті.

Мемкірістер комитеті декларацияны тапсыру мерзімі жайлы ескертті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  2021 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізіліп жатыр.

Ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан басталады.

Мемлекеттік кірістер комитеті кірістер мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы ескертті. 2022 жылғы 15 қыркүйек – кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) электрондық түрде тапсыру мерзімі.

Декларация қағаз түрінде тапсырылатын болса, 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей табыс етілуі тиіс. 2022 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің тұлғалары ұсынады, олар 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған болатын.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов