USD
USD
USD

Бағдарламаларға бөлінген 284 млн теңге жымқырылған

Бұл мәселе Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 2020 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел мәжілісінде айтылды. Былтыр Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыс құрамы бар 8 дерек анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарламаларға бөлінген 284 млн теңге жымқырылған
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE.  Департамент мамандары мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатын жымқыруға қарсы күрес бағытында нәтижелі жұмыстар атқарған. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыс құрамы бар 8 дерек анықталды.

Негізінен «Балапан», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Денсаулық», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» бағдарламалары бойынша қаражаттарды мақсатсыз пайдалану және жымқыру орын алған. Анықталған залал сомасы 283 млн 982 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, «көлеңкеге» кеткен қаражаттың қомақты бөлігін құрап отырған бағыттардың бірі – жалған счет-фактураларды жазу қызметін ұйымдастыру. Яғни, жұмыстарды атқарусыз счет-фактуралар жазып беру бойынша 2020 жылы 6 дерек анықталды. Бұл салада анықталған залал 438 млн 077 мың теңгені құрады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза