USD
USD
USD

Мэлс Қосымбаев Тәуелсіздік толғауын 1 сағат 15 минут тоқтаусыз жырлады

20 қараша күні Ақтауда ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мэлс Қосымбаевтың «Дүние тұрғанша тұр, Қазақстан!» толғау кеші өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мэлс Қосымбаев Тәуелсіздік толғауын 1 сағат 15 минут тоқтаусыз жырлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеш «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің музыкалық қойылымымен ашылды. Ақын Мэлс Қосымбаев жуырда ғана шығарған 5 бөлімнен тұратын толғауын тоқтаусыз 1 сағаттан аса уақыт орындады. Шығармашылық кешке қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ақынның тәуелсіз еліміздің мәдениетіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Толғау көне түркі дәуірі, Алтын орда дәуірі, орда билеушісі Берке хан, Мысырда билік құрған Бейбарыс сұлтан, Орхон-Енисей жазбалары мен олардың тағылымы, қазақ хандығы құрылуы жолындағы сан-сапат, шым-шытырық оқиғалар мен көрнекті тұлғалар, олардың елдік жолындағы ерен еңбектері мен ерліктері, қазақ хандығының құрылуы, қайсар хандар мен қайтпас батырлар, отаршыл империя уысына түспеу жолындағы арпалыстар, одақ кезінде ел-жер тұтастығын сақтау үшін басын тәуекелге тіккен Д.Қонаев, Ж.Тәшенов сынды ұлт қайраткерлерінің кесек тұлғасы мен кемел ісі, қазақ тарихына қатысты күллі оқиғалар  тұтастай өріліп келіп тәуелсіздікпен, Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіздікті нығайту бағытындағы кемел бастамаларын жырлаумен жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе