USD
USD
USD

«MeloMen» тобы тың туынды ұсынбақ

Сазгер Бауыржан Есебаевтың бастамасымен құрылған «MeloMen» бүгінде қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар топтың бірі. Өнерде тасы өрге домалаған әншілер жуырда тыңдармандарын мүлдем басқа образбен таң қалдырмақ.

«MeloMen» тобы тың туынды ұсынбақ
Фото: NEGE.kz

«Алло» әніне бейнебаян таспалаған топ мүшелері жауапты істі режиссер Жеңісхан Момышевқа сеніп тапсырған. Өнер иелерінің сахналық костюмдерін ұшқыштың формасына алмастырған клипмейкер, бұл жолы «MeloMen» серілерін мүлдем бөлек қырынан көрсетуді мақсат тұтқан. Ал су жаңа туындының музыкасын жазған - Болат Боранов. Ол Батырхан Шүкенов және ТМД-ға танымал орындаушылардың жұлдызын жаққан композитор ретінде көпшілікке мәлім. Бүгінде жігіттер Ресейдің белді сазгерлерімен де тығыз байланыс орнатқан. Алдағы уақытта «MeloMen» тобы орыс тілінде ән шырқауға бекініп отыр.

Айта кетейік, «Алло» әніне таспаланған бейнебаян жақын күндері тыңдарманға ұсынылмақ

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.