USD
USD
USD

«Балалардың күлкісін сіз ғана қайтара аласыз» – Мелания Трамп Путинге хат жазды

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ресей президенті Владимир Путинге хат жазды.

Мелания Трамп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оны Путинге Дональд Трамп Аляскадағы кездесуде өзі табыстаған.

Мелания Трамп хатында соғыстан зардап шеккен балалардың жағдайына назар аударған.

Мелания Трамп
Фото: әлеуметтік желіден

«Құрметті Президент Путин, әрбір бала ауылда немесе үлкен қаланың ортасында дүниеге келсін, олардың жүрегінде үнсіз сақталған арман бар. Олар махаббатты, мүмкіндікті және қауіп-қатерден амандықты армандайды.

Ата-ана ретінде бізге жас ұрпақтың үмітін арқалау міндеттелген. Ал көшбасшы ретінде балаларымызды қауіптен сақтап қалу жауапкершілігіміз бірнеше адамның жайлылығынан әлдеқайда асып түседі.  Әрбір жан тыныштыққа бөленіп, болашағымызды қорғауымыз үшін жайлы әлем құруға ұмтылуымыз қажет екені даусыз.

Әрбір жас ұрпақ өмірді географиядан, биліктен және идеологиядан биік тұратын тазалық пен пәктікпен бастайды. Балалардың пәктігін қорғай отырып, сіз тек Ресейге ғана емес, адамзатқа қызмет етесіз. Мұндай батыл идея кез келген алауыздықты жеңеді және сіз, Путин мырза, бұл пайымды жүзеге асыруға күш-қуатыңыз бар.

Бейкүнә балаларды қорғау арқылы, сіз Ресейге ғана емес, бүкіл адамзат баласына қызмет етесіз», – дейді Меления Путинге жазған хатында.

Қазір оқып жатыр

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан

Әділет министрлігі NCOC-тың айыппұлға қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді

экологиялық айыппұл

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай