Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды
Алматы полициясы Валерий Меладзенің концертінде жанжал шығарған үш әйелді анықтады.
Астана, NEGE. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Бірі бес тәулікке әкімшілік қамауға алынса, екіншісіне қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін айыппұл салынды.
Ал үшінші әйел Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Бұдан бөлек, полиция концерттің өтпей қалғаны туралы жалған ақпарат таратқан Instagram парақшасының иесін де анықтады.
Полиция мәліметінше, концерттің үзілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жарияланым авторына айыппұл салынды.