USD
USD
USD

Мектепті тонаған күзетші ұсталды

Көкшетауда мектепті тонаған күзетші ұсталды. Күдікті ғимараттан 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты жымқырған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мектепті тонаған күзетші ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, биыл 17 тамызда облыс орталығындағы учаскелік полиция инспекторына жергілікті мектептердің бірінің директорынан арыз түсті.

Директордың сөзінше, биылғы жылғы тамыздың 13-15 күндері аралығында мектептен 9 ноутбук, 3 планшет, 3 вебкамера және 3 құлаққапты белгісіз біреу қолды қылған.

Келтірілген шығын көлемі 1,4 миллион теңгеден асады.

«Жедел іздестіру шарасы барысында осы мектептің үш күзетшісінің бірі ұсталды. 28 жастағы ер адам қылмысын мойындады», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-ші бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге «келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі