USD
USD
USD

Мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасаған

Елімізде мектептердің тек 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Мектептердің тек 6% ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарымен бірге мектептерді тексеріп жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар кемшілік анықталды. Атап айтқанда, мектептер 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтылғанымен, олардың жартысына жуығы бекітілген стандартқа сай келмейді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, еліміздегі әрбір үшінші мектеп жедел хабарландыру жүйесімен, 8 пайызы дабыл түймешегімен, 5 пайызы бақылау және өткізу жүйесімен, 4 пайызы турникетпен, 1 пайызы металл іздеу құрылғысымен жабдықталған.

«Мектептердің тек 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан»,- деді Ерлан Тұрғымбаев, Сонымен қатар ол Білім және ғылым министрлігімен бірге білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынатын заттардың тізбесі әзірленгенін айтты. Бұл тыйым осы жылдың 13 маусымынан күшіне енетін болады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай