USD
USD
USD

Мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін.

Мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр.

"10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған. Оның 179–ы қашықтан (қаладан тыс жерлерден келген оқушылар саны - 15, оның ішінде оффлайн режимде - 2) оқығандар.

Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілді. 8 жағдайда мектеп оқушылары және 1 жағдайда оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған", - деді елорданың бас санитар дәрігері.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт