USD
USD
USD

Мектептерді күзетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы керек

 Мектеп қауіпсіздігін арнайы күзет бөлімшелерімен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп жатқан жоқ. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мектептерді күзетпен қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство өкілі елдегі барлық оқу орындарын күзетпен қамту үшін штат санын көбейту қажет екенін айтты.

Тиісінше, оған бюджеттен қосымша қаражат бөлінуі тиіс.

«Біздің департамент тікелей күзет қызметі саласындағы мемлекеттік саясатпен айналысады. Сондықтан объектілердің қауіпсіздігін ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді деп айта аламын. Қазір мектеп қауіпсіздігін арнайы күзет бөлімшелерімен қамтамасыз ету мәселесі көтеріліп жатқан жоқ. Алайда, еліміздегі барлық оқу орындарын күзетпен қамту үшін штат санын ұлғайту қажет. Бұл бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етеді», - деп түсіндірді Серік Құспанов.

Сонымен бірге ол еліміздегі 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ екенін мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі