USD
USD
USD

Мектептерде жаңа пән пайда болды

Енді мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетін болады, - деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова.

Мектептерде жаңа пән пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өтті. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады.

Ұлттық құндылықтар - өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қоймай, оған жан-тәнімен берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды қалыптастырып, соған арқа сүйеуіміз керек. Бірақ бұл барлығы осы пәнді оқуға жаппай, тезірек көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады, - деді Алмагүл Мұхамедханова елордадағы білім беру жөніндегі тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл әсіресе қазақ тілді сыныптарға қатысты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты