USD
USD
USD

Мектептерде жаңа күзет болады

Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

Мектептерде жаңа күзет болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бейнебақылау камералары, даладағы дәретханаларға қатысты Президенттен нақты тапсырма болды. Біз 1 қыркүйекке дейін мұның бәрін орындауға міндеттеме алдық. Біз мұның барлығын да жасаймыз», – деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер білім ошақтарын видеобақылаумен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

«Аталған видеокамераларды полиция бөлімшелерімен ықпалдастыруға қатысты айтсақ, бұл міндетті болады. Олар да не болып жатқанын біліп отыруы тиіс. Қазіргі уақытта біз аудан, облыс орталықтарына мектептегі күзеттің барлығын ведомстводан тыс күзетке ауыстыру қажеттігін айттық. Қазіргі уақытта негізінен мектеп күзетінде апалар мен аталар отырады. Нәтижесі өздеріңізге белгілі», – деді Б.Сапарбаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин