USD
USD
USD

Мектептерде газетке жазылуға тыйым салды – Ертай Айғалиұлы

«Қазақ Медиа Ассоциациясы» ЗТжЖКБ ұйымдастыруымен және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Қазақ» газеті және ұлттық баспасөз» атты дөңгелек үстел өтті.

Мектептерде газетке жазылуға тыйым салды – Ертай Айғалиұлы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырыста қазақ баспасөзінің жайы кеңінен талқыланды. Шарада сөз алған Qazaqstan dauiri газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы:

«Қазақ баспасөзін сақтау жолын айттық. Бірақ қозғау жоқ. Қазір мектептерде де газеттерге жазылуға тыйым салынды. 20 мыңдай кітапхана бар. Соларға бір данадан жаздырайық деп едім, министрлік мән бермеді. Ақпараттық қауіпсіздік өте қиын жағдайда.

Телеарналар Ресейдің шоуларын көшіріп алып жатыр. 50х50 деген жоқ. Өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, қазақ тілінің де, қазақ халқының да, қазақ баспасөзінің де  жағдайы мүшкіл болады», – дейді.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов