USD
USD
USD

Мектептерде екпе пункттері ашылды

Қостанай облысы тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпемен жаппай қамту үшін мектептерде пункттер ашылды.

Мектептерде екпе пункттері ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Халықтың басым бөлігін вакцинациямен қамту үшін барлық іс-шараларды қабылдап жатырмыз. Сол себепті мектептердегі медицина пункттерінде жұмылдырудамыз. Қостанай әкімінің бастамасымен қаладағы бірқатар мектепте екпе пункттерін аштық. Бұл пункттер қандай да бір себептермен емханаға келе алмайтын немесе емханадан шалғайда тұратын халықты қамту үшін ашылып отыр. Күн сайын таңертең вакцина әкелінеді, ал кешкісін емханаға жеткізіледі. Барлық шарттары сақталады», - деді қалалық №4 емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова.

Айта кетерлігі, мектептердің жанына екпе пункттерін ашу туралы шешім коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб отырыстарының бірінде қабылданған болатын. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Саят Шаймұрыновтың атап өтуінше, қаланың шағын аудандарындағы пункттер тұрғындарға қолайлы болуы үшін ашылған. Олар таңертеңнен кешке дейін демалыссыз жұмыс істейді.

«Қостанайда қосымша пункттерден бөлек сауда ойын-сауық орталықтарында жылжымалы пункттер де жұмыс істеп тұр. Ал қосымша пункттер емханаларға жүктемені азайту және шалғай шағын аудандар мен қала маңындағы елді мекендердің тұрғындарына қолайлы болуы үшін ашылды. Адамдар жұмыстан кейін емін-еркін жақын маңдағы мектептен екпе алуы үшін жасалды», - деді Саят Шайжүнісов.

Бүгінге дейін Қостанайдың 250 мың тұрғынының 90 мыңы вакцина алып үлгерді. Жалпы қалада 164 мың адам вакцинация алуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Әскери адам, сарбаз

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ақбаян Мұқанғалиева

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

.

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Мерей базары