USD
USD
USD

Мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды

Атырауда мектепте бомба қойылды деген ақпарат шықты.

Мектептен 70  мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды. Мектепте тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балалар тым көп жеп қойған энергетикалық қоспасы бар ұнтақ тексерілетінін хабарлаған болатынбыз. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласына қарасты селолық округтің бірінде мектеп оқушыларына энергетикалық қоспасы бар ұнтақ сатылғаны анықталған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.