USD
USD
USD

Мектепте сабақ үстінде телефон қарауға тыйым салынады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazinform.

Мектепте сабақ үстінде телефон қарауға тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұстаздармен болған кездесулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына қатысты. Телефонға тыйым салуға заңнамада нақты шектеу жоқ. Осыған орай, жобаға сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да енгізілді», – деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс өкілінің пайымынша, оқу барысында бала сабақ оқуы керек. Себебі телефон бұл процеске кедергі келтіреді.

«Біздің ұсынып отырған нормамыз тек сабақ кезінде ғана шектеуге арналған. Ал баланың үзілісте пайдалануына шектеу болмайды. Сабақ кезінде бала әлеуметтік желілерді қарап отырғаны дұрыс емес. Егер мұғалімнің сабақ жоспарында кейбір қосымшаларды пайдалану қажет болса, онда сабақ кезінде инновациялық технологиялар мақсатында смартфонды қолдануға рұқсат етіледі. Атап айтқанда, жалпы мектепте пайдалануға шектеу қарастырылмаған», – деді депутат.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков