USD
USD
USD

Мектепте оқушылар смартфондарын қайда қалдырады?

Қазақстан мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде смартфон пайдалануына қатысты бірыңғай тәртіп енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте оқу-ағарту министрінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты.

Телефон
Фото: shyn-ar.kz

Астана, NEGE. Вице-министрдің айтуынша, телефонды сабақ уақытында нақты қайда және кімге тапсыру керегін әр мектептің өзі шешеді. Құжатта смартфондарды қолдануға қойылатын талаптармен қатар, оларды сақтау тәртібіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер де қарастырылған.

«Телефонды педагогке бере ме немесе сыныпта қалдыра ма деген сияқты барлық ұйымдастырушылық мәселелер білім беру ұйымындағы жағдайға байланысты сол ұйымның өзінде нақты белгіленеді. Мүмкін, телефондар сыныпта белгілі бір жерде сақталатын шығар, мүмкін, арнайы жәшіктер болады. Мұны білім беру ұйымының өзі анықтайды», – деп түсіндірді вице-министр.

Ақпарованың айтуынша, бұған дейін мұндай ережелерді әзірлеу әрбір білім беру ұйымының құзыретінде болған. Қазіргі уақытта министрлік бірыңғай тәсіл мен оны қолдану тәртібін қалыптастыру үшін ұялы телефондарды пайдалану қағидаларын әзірледі. 

«Бұл талаптар «Білім туралы» заңның 47-бабында белгіленген. Аталған бапта балалардың құқықтары мен міндеттері айқындалған. Ал ата-аналардың құқықтары осы заңның 49-бабында регламенттелген», – деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстанда оқушылардың оқу процесі кезінде ұялы телефон пайдалануына заңнамалық шектеу бұрыннан қолданылады. Қолданыстағы норма бойынша телефонды оқу мақсатында қысқа мерзімді оқу жоспарында көзделген жағдайда пайдалануға болады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев