Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Мектепке жарылғыш зат орнаттым» – ШҚО-да 13 жастағы оқушы жалған ақпарат таратқан

ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалған қоңырау
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің кезекші бөліміне мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақпараттың шынайылығын анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті аталған мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады.

Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді. 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.