Мектепке уыстап дәрі ішіп келген: Шымкентте 8 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Қайғылы оқиға 6 ақпанда Шымкенттегі «Низамхан» атындағы жекеменшік мектепте болды деп хабарлайды otyrar.kz.
Алматы, NEGE. Белгілі болғандай оқушы қыз 8 сыныпта оқыған.
Бірінші сабақта ол өзін нашар сезінген. Директордың айтуынша, дереу жедел жәрдем қызметкерлері шақырылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы қыз мектепке келердің алдында жүрекке арналған бір уыс дәрі ішкен.
«Бала сабақ үстінде өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанын білмедік. Сосын оның жүрекке арналған 40 шақты таблетка ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Айтайын дегенім, қызды ешкім ренжіткен емес, сыныптастарымен жақсы араласты», - дейді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.
Марқұм қыз бұған дейін де, 2023 жылдың күзінде өзіне қол жұмсамақ болған. Қараша айынан бері қызбен психологтар жұмыс істеген.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті