USD
USD
USD

Мектеп түлектері биылдан бастап ҰБТ-ны үш рет тапсыра алады

Қазақстандық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді үш рет: бір рет ақылы, қалған екі ретінде тегін  тапсыратын болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Мектеп түлектері биылдан бастап ҰБТ-ны үш рет тапсыра алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ сәуір мен маусым аралығында өтеді, онда сізде екі тегін мүмкіндік болады (күндерде ешқандай шектеу жоқ). Осы сертификаттардың бірін шілде айында өтетін грант байқауына жібере аласыз", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар, түлектердің тағы бір мүмкіндігі болады, ол ақылы бөлімге түскісі келетіндерге арналған.

"Наурыздағы ҰБТ ақылы бөлімге түсу үшін компьютерлік форматта өтеді. Тіркеу туралы мәліметтерді келесі аптада жариялаймыз: Сіз өзіңізге ыңғайлы күнді, тест тапсыру уақытын таңдап, наурыз айында жаңа форматты өте аласыз. Қатысу: әркімің қалауы бойынша, құны 2 242 теңге", - деді Смағұлов.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, оқушылар ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижесін ЖОО-да грант ұту үшін конкурсқа жібере алады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі