USD
USD
USD

Мектеп шатырын жел ұшырып әкетті

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті.

Мектеп шатырын жел ұшырып әкетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылдамдығы секундына 17 метрге жететін қатты желдің салдарынан Көкжайық ауылындағы орта мектептің шатыры бұзылды.

Ғимараттың жалпы ауданы – 1600 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.

«ТЖД дауылды жел туралы алдын ала ескерту жасаған. Әлі де тұрғындарды сақ болуға және үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғалар болмас үшін барынша абай болған жөн» , – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 қызметіне хабарласу керек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер