Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектеп шатыры желге шыдай алмады

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрып, Сергеевка қаласындағы қазақ мектебінің шатырын жұлып кетті.

Мектеп шатыры желге шыдай алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 20 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында болған.

Дауыл тұрып, қатты жел Малдыбаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан ғимараттың шатырын жұлып әкеткен.

«Желдің қуаты секундына 28 метр болған. Қазақ орта мектебінің «профлистпен» жабылған шатыры дауылға төтеп бере алмай, жұлынып кеткен. Жалпы аумағы 1 мың 300 шаршы метр болса, соның жартысына жуығы зақымданған. Бірақ бұл оқу процесіне әсер еткен жоқ. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келген шығын мөлшері анықталып жатыр», – дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример