Мектеп пен ЖОО-лар қызылшаға байланысты карантинге жабылуы мүмкін бе?
Қызылшаның өршуіне байланысты мектептер мен ЖОО-ларда карантин бола ма? Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министрлер жауап берді.
Алматы, NEGE. БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрі мен Ғылым және жоғары білім министріне «елімізде қызылшаның өршуіне байланысты мектептер мен университтерде карантин жариялана ма?» деп сұрақ қойды.
Бүкіл білім беру ұйымы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында. Осыған байланысты министрлік жағдайға мониторинг жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселеге қатысты шешім қабылдамады. Біз осы ведомствомен және жергілікті атқарушы билікпен байланыстамыз, - деп жауап берді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер арасында да тұмаудың өршіп тұрғанын айтады.
ЖРВИ (ОРВИ) өршіп тұр. Бірақ қызылша жұқтырғандардың саны аз. Қазір Қазақстандағы университеттердің шамамен 80%-да 8 мың студент медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Бірақ олардың 200-300-і ғана қызылша жұқтырды деген күдік бар. Министрліктің пікірінше, эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Біз Денсаулық сақтау министрлігі және еліміздің бас санитар дәрігерімен тікелей байланыстамыз. Денсаулық сақтау министрлігінің пікірінше, (карантин жариялауға – автор) себеп жоқ. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп отырмыз. Университеттердің басшылығы мен ректорлары Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті денсаулық басқармаларымен байланыста, - деді Саясат Нұрбек.
Қазір оқып жатыр
115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады
Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды
Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді
Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады